Өңірлер

Шымкентте отырып, СҚО тұрғындары атынан кредит алған алаяқ ұсталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуВывеска о "быстрых займах"
Вывеска о быстрых займах - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері осы өңірде тұратын адамдардың атына заңсыз кредит рәсімдеген алаяқты Шымкент қаласында ұстады, деп хабарлады Polisia.kz

Ресми мәліметке сәйкес, маусым мен қыркүйек аралығында полицияға Петропавл қаласының бес тұрғыны арызданған. Олар өздерінің атына интернет арқылы заңсыз кредит рәсімделгенін айтты. Ал микроқаржы ұйымдары қарызды қайтаруды талап еткен. Қарыздың жалпы сомасы жарты миллион теңгеге дейін барған. 

"Интернет-алаяқты іздеу шаралары полиция қызметкерлерін оңтүстік аймаққа алып келген. Полицейлер осы іске қатысы бар деген күдікпен Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғынын анықтап, өз үйінде ұстады. Жауап алу кезінде ол  жеке куәліктердің фотосуреттерін интернеттен тапқанын және сол адамдардың атына кредит алғанын мойындады", - дейді тергеушілер.

Күдікті Петропавл қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі кезде аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмыс үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. 

Полиция алаяқтардың торына түспеу үшін бірнеше кеңес беріп отыр. Олар:

  • жеке деректеріңізді ешкімге айтпаңыз;
  • жеке құжаттардың фотосуреттерімен бөліспеңіз; 
  • әлеуметтік желілердегі парақшалардың логині мен паролін, шот нөмірін, банк картасының артқы жағында орналасқан кодтарды құпия ұстаңыз.

 

Жаңалықтар
0