Өңірлер

38 градусқа дейін аяз: алдағы күндері ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал КалиевМетель и буран в Нур-Султане
Метель и буран в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
25 желтоқсаннан бастап Қазақстанның солтүстік облыстарында ауа температурасы түнде -38...-30 градусқа дейін төмендейді

АЛМАТЫ, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасы төмендейді. Бұл туралы "Қазгидромет" синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Еліміздің солтүстік аймақтарында ауа температурасының аздап көтерілуіне әкелген циклон Қазақстаннан тыс жерлерге тез ауысады. Ал оның артынан арктикалық ауа массаларымен Кар теңізі аудандарынан суық антициклон келеді.

Ол 25 желтоқсаннан бастап солтүстік аймақтарда ауа температурасының түнгі уақытта -38...-30 градус аязға дейін күрт төмендеуіне әкеледі.

24 желтоқсанда мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда түнде -15...-13 градус, күндіз -13...-11 градус аяз болады.

Алматыда түнде -12...-10, күндіз -2...0 градус.

Шымкентте түнде -5...-3, күндіз +3...+5 градус болады.

Жаңалықтар
0