Өңірлер

Петропавлда 29 жастағы әйелден 1944 жылы жасалған тапанша тәркіленді

© Photo : ДП СКОТапанша
Тапанша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде күдіктіге тергеу ісіне қатысу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Петропавл қаласында полицейлер 29 жастағы әйелден атуға жарамды 1944 жылы жасалған тапанша тәркіледі, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Петропавл қаласының 29 жастағы тұрғыны 1944 жылы "наган" жүйесімен жасалған револьверді 6 оғымен қоса заңсыз сақтаған. Сараптама нәтижесінде тапаншаның оқ атуға жарамды атыс қаруы екені анықталды", – делінген хабарламада.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 287-бабы бойынша ("қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз иемдену, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне енгізілді.

© Photo : ДП СКО1944 жылы жасалған тапанша
Петропавлда 29 жастағы әйелден 1944 жылы жасалған тапанша тәркіленді - Sputnik Қазақстан
1944 жылы жасалған тапанша

Ал күдіктіге тергеу ісіне қатысу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Полиция оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін қажетті шараларды жүргізуде.

"Қылмыстық кодекстің 287-бабының үшінші бөлігі, тегіс ұңғылы аңшылық қаруды қоспағанда, атыс қаруын заңсыз қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейді", – деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мұрат Баукенов.

Оқи отырыңыз: "Басыма тапанша тіреді": сот орындаушысының атыс-шабысқа толы өмірі – видео

Сондай-ақ, ол адамның іс-әрекетінде басқа қылмыс болмаған жағдайда заңсыз сақталған қаруды ерікті түрде тапсыру ғана заң алдындағы жауапкершіліктен босатылатындығын еске салды.

Жаңалықтар
0