Өңірлер

Қазақстанның екі өңірі коронавирустың "сары" аймағына кірді

© Sputnik / Абзал КалиевКөшеде кетіп бара жатқан адамдар
Көшеде кетіп бара жатқан адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан астанасы бірнеше күн бұрын ғана "қызыл" аймақтан бірден "жасыл" зонаға өткен еді. Республика бойынша індетке шалдыққандар саны 150 мыңға жуықтады

НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы коронавирустың таралуы бойынша "жасыл" аймақтан "сары" аймаққа кірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының мәліметінше, Атырау облысы әлі де "қызыл" аймақта тұр.

Батыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа кірді. Бұдан бөлек, бұл зонада Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал қалған өңірлер – "жасыл" аймақта.

18 желтоқсанда елорда "қызыл" аймақтан бірден "жасылға" ауысқан еді.

Айта кетсек, "қызыл" аймаққа енген облыстарда карантин қатаңдатылады. "Сары" аймақтағы өңірлерде бұған дейін енгізілген шектеу шаралары сол күйі қалып, олардың сақталуын бақылау күшейеді.

Ал "жасыл" аймақ эпидемиологиялық ахуал тұрақты және шектеу шараларының жеңілдеуі мүмкін екенін білдіреді.

22 желтоқсандағы мәлімет бойынша республикада вирус жұқтырғандар саны 147 975 адамға жетті. 132 427 адам дертінен сауығып шықты, 2 147 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0