Өңірлер

Қызылорданың сауда нүктелеріндегі тауық еті жойылатын болды

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуҚұс еті
Құс еті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамандардың айтуынша, жыл басынан бері өңірде түрлі тауарлардан 1 851 сынама алынса, соның 111-і тиісті талаптарға сай болмай шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан – Sputnik. Қызылорда қаласындағы сауда нүктелеріндегі тауық етінен сальмонелла мен протей бактериялары табылды.

Өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары Ресейден әкелінген балапан бройлердің жіліншігі мен төс етінің жарамсыздығын анықтады, деп хабарлайды Хабар 24.

Сарапшылардың пікірінше, ендігі жерде құны 600 мың теңгеден асатын тауарлар жойылады.

"Зерттеулердің нәтижесінде анықталған сәйкессіздіктер бойынша облыстағы 32 сауда нысанына заң бұзушылықтарды жою жөнінде нұсқамалар берілді", – дейді санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда өнімнің қайда өндірілгені мен оған қатысты өзге де мәліметтермен сәйкес келмейтін өнімдер тізілімі сайтынан танысуға болады.

Оқи отырыңыз: Бактерия тарайды – ет пісірудегі басты қателік белгілі болды

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде түрлі тауарлардан 1 851 сынама алынса, соның 111-і тиісті талаптарға сай болмай шыққан. Оның 98-і тамақ өнімдеріне қатысты. Мамандар көбіне құс еті мен ет өнімдерінен, алкогольдік сусындар және кондитерлік өнімдерден олқылықтар шығатынын алға тартады.

Жаңалықтар
0