Өңірлер

"Қиын жағдайда қалған" адамды үйіне кіргізген Түркістан тұрғыны сан соғып қалды

© Photo : pixabay.comТелефон в руках подростка, иллюстративное фото
Телефон в руках подростка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алаяқ жәбірленушінің үйіне алдап кіріп, 120 мың теңгенің ұялы телефонын ұрлап кетті. Күдіктіні учаскелік инспектор ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Түркістанда полицейлер бірнеше рет сотты болған қызылордалық азаматты бейнебақылау камераларының жазбасы арқылы ұстады.

Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз ер адам үйінен ұялы телефонын ұрлап кеткені туралы арызданған.

"Алаяқ жәбірленушінің сеніміне кіріп, қиын жағдайға тап болдым деген сылтаумен ақша сұраған. Содан кейін олардың байқамай тұрған сәтін пайдаланып, "Samsung" маркалы ұялы телефоны мен оның құжаттарын ұрлап, белгісіз бағытқа қашып кеткен", - деп хабарлады Polisia.kz.

Жәбірленушілерге жалпы сомасы 120 мың теңгеден астам шығын келді.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері мен Түркістан ҚПБ-ның учаскелік полиция инспекторлары жетті. Тәртіп сақшылары жақын маңдағы барлық аумақты, көшелер мен үйлерді аралап шықты, бейнебақылау камераларын тексерді, куәгерлер мен көршілерден жауап алды.

Оқи отырыңыз: Отырар ауданының тұрғыны үйіне ұрлыққа түскен көршісі екенін білді 

Учаскелік инспектор күдіктіні түсірген бейнекамералар арқылы бірнеше сағат ішінде оның ізіне түсіп, ұстады. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған Қызылорда облысының тұрғыны болып шықты.

Тергеу барысында күдіктінің Түркістан, Шымкент қалаларында және Қызылорда облысында жасалған 6 алаяқтық пен ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.  Айғақ зат ретінде алынған телефон мен құжаттар заңды иелеріне қайтарылды.  

Жаңалықтар
0