Өңірлер

Өскеменнің бұрынғы әкімі дүниеден өтті

© Photo : Yk-news.kzВера Сухорукова
Вера Сухорукова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вера Сухорукова – Өскемен қаласының әкімі лауазымын атқарған жалғыз әйел, ол 19 желтоқсанда дүниеден өтті

АЛМАТЫ, 20 желтоқсан – Sputnik. Өскеменнің бұрынғы әкімі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Вера Сухорукова 69 жасында дүниеден өтті.

"Бүгін кешке Өскемен қаласының құрметті азаматы Вера Николаевна Сухорукованың мезгілсіз өмірден өткенін өкінішпен хабарлаймын. Вера Николаевнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын", - деді Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар.

Қала әкімінің айтуынша, әкімдік жерлеу және қоштасу рәсімін ұйымдастырады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, қаланың бұрынғы әкімі 19 желтоқсанда кешке қайтыс болған. Ол сол күні Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының іс-шарасына қатысты, бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды.

Қазақстанда қорғаныс министрінің орынбасары қайтыс болды

Вера Сухорукова 1951 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха ауылында дүниеге келген. Өскемен жол-құрылыс институтын бітіргеннен кейін мемлекеттік органдарда жұмыс істеді.

1999 жылы Өскемен қаласының әкімі болып тағайындалды. 2003-2004 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің ІІІ шақырылымының депутаты болды, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетін басқарды. Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан зор үлесі үшін оған Өскемен қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Мәжілістегі қызметінен кейін Вера Сухорукова Өскеменге оралды. "Ертіс" ӘКК ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары, "Азия Авто"АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

"Құрмет" және "Барыс"ордендерімен марапатталған.

Жаңалықтар
0