Өңірлер

Шымкентте әйел зорламақ болып жатқан ер адам видеоға түсіп қалды

© Sputnik / Тимур БатыршинВ подъезде не до конца сделали кафель
В подъезде не до конца сделали кафель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Видеодан подъезге кірген ер адамның әйелді артынан келіп буындырып, есінен тандырғанын көруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте үйдің кіреберісінде ер адамның әйелді есінен тандырып, оны зорламақ болып жатқан әрекеті видеоға түсіп қалған.

Бұл туралы "Не молчи KZ" қоғамдық қоры хабарлады.  

"Кеше Шымкент қаласында әйел зорламақ болған ер адамның әрекетіне қатысты материал жарияланды. Бірақ оның ұсталғаны немесе ұсталмағаны туралы ақпарат жоқ. Толық мәлімет беруді өтінеміз, адамдар алаңдап отыр", - делінген қоғамдық қордың Шымкент қаласының полиция департаментіне жолдаған өтінішінде.

Видеодан подъезге кірген ер адамның әйелді артынан келіп буындырып, есінен тандырғанын көруге болады. Одан кейін қаскөй әйелдің шалбарын шешуге ұмтылады, осы жерден бақылау камерасына түсірілген видео үзіледі.

Жаңалықтар
0