Өңірлер

Балкон арқылы шығаруға тура келді: Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты

© Photo : МЧС РКАқтөбеде тұрғын үйден шыққан өрт
Ақтөбеде тұрғын үйден шыққан өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақтөбелік өрт сөндірушілер 57 адамды, соның ішінде 25 баланы құтқарды. Барлығы тоқсан адам, оның ішінде отыз бала эвакуацияланған

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбеде тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты. Құтқарушылар 90 адамды қауіпсіз жерге көшірді, оның отызы – балалар.

Төтенше жағдай сәрсенбі, 16 желтоқсанда болған. Астана ауданы, Батыс-2, 15 б үйдің үшінші қабатындағы пәтер өртенген. Өрт туралы хабар 101 пультіне шамамен сағат 16:18-де түсті.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жіберілді, деп хабарлады Ақтөбе облысы ТЖ департаментінің баспасөз қызметі.

© Photo : МЧС РКАқтөбеде көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты
Балкон арқылы шығаруға тура келді: Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Ақтөбеде көпқабатты тұрғын үйдің пәтерінен өрт шықты

"Қалалық өрт бөлімінің жеке құрамы дереу мекенжайға аттанды. Өрт сөндірушілер жеткен кезде, аумағы 50 шаршы метрлік пәтер жанып жатқан", - деп мәлімдеді департаменттен.

Өрттің неден тұтанғаны хабарланған жоқ. Тілсіз жау 16:53-те сөндірілді. Алдын ала мәліметке сүйенсек, өрт сөндірушілер 57 адамды, соның ішінде 25 баланы құтқарды. 90 адам эвакуацияланды, оның 30-ы – балалар.

© Photo : МЧС РКӨрт сөндірушілер 57 адамды құтқарды
Балкон арқылы шығаруға тура келді: Ақтөбеде көпқабатты үйден өрт шықты - Sputnik Қазақстан
Өрт сөндірушілер 57 адамды құтқарды

"Зардап шеккен бір адам жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды, екіншісі облыстық ауруханада қаралып жатыр", - делінген хабарламада.

Құтқарушылар тұрмыстық жағдайларда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Өрт шықса, дереу 101 және 112 нөмірлеріне хабарласу қажет.

Жаңалықтар
0