Өңірлер

Облыстардың бірі коронавирустың "қызыл" аймағына кірді

© Sputnik / Елена БережнаяВрач и полицейский близ блокпоста общаются с водителем автомобиля
Врач и полицейский близ блокпоста общаются с водителем автомобиля  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Сары" аймақта Алматы, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары тұр

АЛМАТЫ, 16 желтоқсан – Sputnik. Атырау облысы коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа кірді. Облыста бір тәулікте 19 адам COVID жұқтырды, жалпы пандемия басталғалы 12 206 адам коронавирусқа шалдықты.

Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысы "жасыл" аймақтан" сары" аймаққа ауысты. 16 желтоқсандағы жағдай бойынша аймақта пандемия басталғалы 8 645 адам инфекция жұқтырды, 154 адам қайтыс болды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының мәліметіне сәйкес, 16 желтоқсанда "қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Атырау облысы тұр.

"Сары" аймақта Алматы, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған барлық өңір "жасыл" аймақта орналасқан.

Өткен тәулікте Қазақстанда 749 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Науқастардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар облыстарында тіркелді. 

Қазақстанда 13 наурыздан бастап 143 735 адам коронавирус жұқтырды, 44 155 адам пневмонияға шалдықты.
Қазақстан жалпы эпидемиологиялық жағдай бойынша "жасыл" аймақта тұр.

Жаңалықтар
0