Өңірлер

Дауға қалған шошқа фермасынан қоршаған ортаға 7 млрд теңге залал келді

Жазылу
Ферма иесі ақшаны мемлекетке бір ай ішінде төлеуге міндеттелді. Сома өтелмесе, сот арқылы өндіріледі

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан - Sputnik. Ақтөбе облысы экология департаментінің жетекшісі Нұржан Аққұл Бестамақтағы шошқа фермасының қоршаған ортаға келтірген залалы туралы айтты. Тұрғындар ферманы жабуды талап еткен болатын, деп хабарлайды "Мой город" порталы.

"Бестамақ тұрғындарының арызында көрсетілген экологиялық нормалардың бұзылуы расталды. Өндірістік, биологиялық қалдықтар, тұрмыстық, құрылыс қоқысы ауыл маңында 5,6 гектар аумақта көмілген. Бұл аумақтан келген залал мөлшері - 14 миллион теңге. Қылмыстық іс қозғалды", - деді ол. 

Тексерушілер ордың бір бөлігін қазып, 200 мың тонна қалдық шығарды. 2018-2019 жылдары кәсіпорын қоршаған ортаға эмиссия жасау рұқсатынсыз қызмет еткен. 

Жобада көрсетілген 40 мың бас шошқаның орнына фермада 50 мыңнан астам болған.

"Залалдың жалпы сомасы - 7 миллиард теңге. Ақша бір ай ішінде төленуі тиіс. Осы мерзімде өтелмеген жағдайда сот арқылы өндіріледі және ферманың жұмысын тоқтату талап етіледі", - деді Ақтөбе облысының бас экологы.

"Парижская коммуна 21" кәсіпорнының жұмысы 2011 жылдан бері тексерілмеген.

Күн сайын ферма 2,5 тонна қалдық шығарған, деді облыстық ветеринарлық инспекция жетекшісі Темірбек Нұртазин.

Жаңалықтар
0