Өңірлер

Тараздықтар 1,9 млрд теңгеге салынған көпірдегі үлкен жарықшақты видеоға түсіріп алды

© Photo : Almaty.tvТрещину на мосту заливают битумом в Таразе
Трещину на мосту заливают битумом в Таразе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала билігі арнайы комиссия құрып, тексеріс жүргізген. Нәтижесінде жүргізушілерге қорқатын дәнеңе жоқ деген шешімге келген

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Тараз тұрғындары екіге бөлінген көпірді видеоға түсіріп алды.

Қаланың екі жағын жалғайтын жалғыз нысан апатты жағдайда тұр, мыңдаған жолаушының өміріне қауіп төндіріп жатыр, деп хабарлады Almaty.tv.

1,9 миллиард теңгеге салынған облыстағы ең үлкен өткелдің құрылысы  3 жылға жетпей сыр бере бастаған сыңайлы. Жарықшақтар пайда болып, тұрғындар шошынып отыр.

"Бомба түскендей шулап жатыр": әкімдік спортзалдағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді 

Ені 28, ұзындығы 315 метр болатын құрылыс 2016 жылы басталып 2018 жылы аяқталған. Шағын аудандар мен Шалғай қарасудың арасындағы жалғыз көпір бастапқыда күніне 3-4 мың көлік өтеді деген есеппен салынған. Бірақ арасы 10 сантиметрге дейін ашылып, қауіпті аймаққа айнала бастады.

Ал әкімдік өкілдері аталған дерек бойынша арнайы комиссия құрып, тексерістің болғанын айтады. Нәтижесінде жүргізушілерге қорқатын дәнеңе жоқ деген шешімге келіпті. Барлығы талапқа сай салынды дейді қала әкімінің орынбасары.

"Ол жерде екі кеңейту түйіні бар. Суықтан сол түйін көлемі үлкеюіне байланысты мердігер қажетті материалдарын жағып, қалыпқа келтіру жұмыстарын аяқтап жатыр. Кеңейту түйінінің ауыр көліктер болсын, жеңіл көліктер болсын, ешқандай залалы жоқ. Қауіпсіз деп айтуға болады", – деді қала әкімінің орынбасары Асхат Есенәлиев.

Арай алқабындағы бұл нысанның құрылысы кеңестік кезеңде басталған болатын. Кейін құр қаңқасы тұрып, біраз уақыттан соң республикалық қаржы есебінен жалғасқан. Әкімдік аталған көпірді әлі 5 жыл бойы мердігер жөндеуге міндетті дейді. Ал 10 см-ге дейін ашылған жерге тек битум құюды қалыпты процеске балап отыр.

Жаңалықтар
0