18:06 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
41 0 0

23 миллиард теңгенің салығын төлеу мерзімі ұзартылды. 2,9 мың кәсіпкердің 72 миллиард теңге кредиті кейінге қалдырылды

АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Алматыда 75 мың кәсіпкердің салық төлеу мерзімі ұзартылды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте қала әкімі Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сағынтаевтың айтуынша, қалада бизнес үшін қарыздар бойынша кейінге қалдыру жүйесі енгізіліп, шағын және орта бизнестің 75 мың субъектісі салық жеңілдіктерін алған.

"23 миллиард теңгенің салығын төлеу мерзімі ұзартылды. 2,9 мың кәсіпкердің 72 миллиард теңге кредиті кейінге қалдырылды", - деді әкім.

Сонымен қатар 200-ден астам нысан 20 мыңға жуық кәсіпкерді 3 айға дейінгі мерзімге жалдау ақысын төлеуден босатты.

"Қазіргі уақытта жалға берушілер жалдау ақысын орташа есеппен 20-30%-ке төмендетті", - деді қала әкімі.

"Режимді күшейтеміз": Бақытжан Сағынтаев мәлімдеме жасады 

Айта кетейік, 2020 жылдың басында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту үшін Almaty Business-2025 өңірлік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы іске қосылды.

Аналарға грант берілді

Сонымен қатар қалада көпбалалы аналарға жеке кәсіп ашу мақсатында он ай ішінде 406 миллион теңге көлемінде грант берілді.

Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, көпбалалы аналарға қолдау көрсету үшін өңірлік "Бақытты отбасы" орталықтарының базасында "Іскер Ана" бағдарламасы іске асырылып жатыр. Әйелдер "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздерін оқып шығады.

"Көпбалалы отбасылар 888 адам 555 мың теңгеден грант алды. Сонымен қатар 406 миллион теңге сомасына 203 көпбалалы анаға 5 миллион теңге грант берілді", - деді қала әкімі.

Сондай-ақ, мүгедек жандарды әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру мақсатында алғаш рет "Ten Qogam" әлеуметтік қолдау орталығы ашылды. Орталық мүгедек адамдарға және олардың отбасыларына ақпараттық, консультациялық, заңгерлік және психологиялық қолдау көрсетеді. Жұмысқа орналасуға жәрдемдеседі, мүгедек адамдарды қоғамға тиімді бейімдеу үшін тұрмыстық және әлеуметтік дағдыларға оқытады.

Кілт сөздер:
кәсіпкер, салық, Сағынтаев
Загрузка...

Басты тақырып