Өңірлер

Петропавлдық бірер минут ішінде депозитіндегі қомақты қаржыдан қағылды

© Sputnik / Владислав ВодневБанковские карты
Банковские карты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарнама сайты арқылы жиһаз сатпақ болған құрбысына көмектескен петропавлдықтың бір миллион теңгеден астам қаражаты ұрланды

АЛМАТЫ, 4 желтоқсан – Sputnik. Петропавлда интернет-алаяқтар құрбысына хабарландыру сайты арқылы жиһаз сатуға көмектескен бойжеткен депозитінен миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 жастағы қала тұрғыны интернет-алаяқтың құрбанына айналды. Алаяқ жарнама арқылы жиһаз сатып алғысы келген. Бойжеткен картаға қатысты барлық деректі, жеке мәліметтерін, сондай-ақ SMS-хабарлама түрінде келген кодты телефон арқылы айтып қойған.

"Жатын бөлмеге арналған гарнитурды қыздың құрбысы OLX арқылы сатқан. "Сатып алушы" әйел WhatsApp арқылы хабарласып, төлем жасау үшін карта нөмірін сұраған. Алайда сатпақ болған адамның картасында ақша болмай шықты.  Алаяқтар шотта қаражат болмағандықтан, басқа карта кажет екенін айтқан. Қала тұрғыны құрбысынан көмек сұрап, картасына ақша аударатынын айтады", - деп хабарлады полиция.

Біраз уақыттан кейін "сатып алушы" бойжеткенге хабарласып, карта мәліметтерін, аты-жөнін, жеке сәйкестендіру нөмірін сұраған. Кейін SMS-хабарлама бойынша келген кодты да біліп алған.

"Кейінірек депозиттен 1 миллион 300 мың теңге сомасында қаражат аударылғаны анықталды. Алаяқ "жеке тұлғаларға арналған интернет-банкинг" және "SMS-пароль жіберу" қызметін пайдаланып, жәбірленушінің банк шотынан басқа шотқа ақша аударған", - деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.

Ақшаның шоттан жоғалып кеткенін анықтаған соң, бойжеткен полицияға жүгінген.

Айта кетейік, жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысы аумағында 375 интернет-алаяқтық оқиғасы тіркелді.

Жаңалықтар
0