Өңірлер

Бекшин 150 адамға арналған шараға не себепті рұқсат бергенін айтты

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Банкет өткізуге емес, қызметкерлерді оқытуға және  спортшыларға құрмет көрсетуге арналған бір реттік іс-шараға рұқсат берілген

АЛМАТЫ, 27 қараша – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Ritz-Carlton қонақ үйінде 150 адамға арналған шараны өткізуге не себепті рұқсат бергенін түсіндірді. Құжаттың фотосы әлеуметтік желіде тараған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Банкет өткізуге емес, қызметкерлерді оқытуға рұқсат берілді. Оларға ұзақ үзілістен кейін қызметкер жетіспей, оны жинақтау керек болды. Сондай-ақ, спортшыларға құрмет көрсетуге арналған бір реттік іс-шараға рұқсат берілді. Алайда бөлім басшысы қателік жіберген, яғни, "бір реттік іс-шара" деп көрсетпеген", - деді Бекшин.

Айтуынша, қонақ үй сол мүмкіндікті пайдаланған. Алайда мониторингтік топтан бұл туралы тауарлар мен көрсетілетін қызметтің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне ақпарат түспеген.

Бұған дейін іс-шараның Ritz-Carlton-ның жоғарғы қабаттарында өткені хабарланған еді. Алайда Жандарбек Бекшин қонақ үйдің жоғарғы қабатында үлкен банкет өткізетін зал жоқ екенін айтты.

Оқи отырыңыз: Не себепті мұндай жалған ақпарат тарағанын білмеймін – Бекшин 

"Қанша адам болғаны  белгісіз. Ол жерде 150 адам болған жоқ, біреу 40 адам, енді бірі 60 адам болған дейді. Біз оларға қызметкерлерді оқытуға және бір реттік іс-шараға рұқсат бердік. Сонымен қатар қонақ үй басшылығы қауіпсіздікті нығайту бойынша маңызды жұмыстар жүргізді", - деп түйіндеді Бекшин.

Айта кетейік, пандемия басталғалы қалада 15 876 адам инфекция жұқтырды, 14 740 адам жазылып шықты.

Жаңалықтар
0