Өңірлер

Маржықпаев Көкшетауда Тоқаев пен Путиннің қатысуымен форум қашан өтетінін айтты

© SputnikПрезиденты Владимир Путин и Касым-Жомарт Токаев
Президенты Владимир Путин и Касым-Жомарт Токаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы биыл қараша айының екінші жартысына жоспарланған

НҰР-СҰЛТАН, 27 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында өтеді. Бұл туралы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Пандемияға байланысты форум келесі жылы бірінші жартыжылдықта өтетін болады", – деді Маржықпаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумы биыл қараша айының екінші жартысына жоспарланған еді. Алайда эпидемиологиялық жағдайға байланысты шара кейінге шегерілді.

Жыл сайынғы форум Көкшетау қаласында екі ел басшыларының қатысуымен өтуі тиіс болатын.

Көкшетау форумы

Биыл Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы Көкшетау қаласында өтеді деген жоспар болды. Осы шараның тақырыбы да жарияланған. Ол – экология және жасыл экономика. 

2003 жылы аймақаралық ынтымақтастық форумы алғаш рет Омбы қаласында ұйымдастырылған болатын. Оған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин қатысты. Содан бері екі елдің президенттері шекаралас аймақтарда жиі кездесе бастады. Ал аймақаралық форумы дәстүрлі шараға айналды. Осы жолы форумды шекаралас емес жерде өткізуге шешім қабылданды.  

Оқи отырыңыз: Әлі талай құшақтасатын боламыз – Назарбаев

Бұған дейін Sputnik Қазақстанға сұқбат берген экология министрі Мағзұм Мырзағалиев COVID-19 пандемиясына байланысты іс-шаралардың бір бөлігі онлайн форматта өтетінін айтқан. Форумға дайындық жұмыстары Көкшетауда, сондай-ақ, Бурабай мен Зерендіде жүргізілді.

Жаңалықтар
0