06:11 27 Қаңтар 2021
Тікелей эфир
  • USD420.71
  • EUR516.13
  • RUB5.65
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2028)
33 0 0

Әкімдік жаңа жасанды тыныс алдыру аппаратын сатып алуға конкурс жариялаған, ал компания бұрын қолданыста болған құрылғыны жеткізген

АЛМАТЫ, 26 қараша – Sputnik. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов өңірге жаңа жасанды тыныс алу аппаратының орнына бұрын қолданылған құрылғы жеткізілгенін мәлімдеді.

Облыс басшысының айтуынша, әкімдік жаңа жасанды тыныс алу аппаратын сатып алуға конкурс жариялаған. Ал жеткізушілер аппараттардың әрбірін 17,5 миллион теңгеден сатып алған.

"Кейіннен құзырлы органдар арқылы бұл аппараттардың бұрын қолданыста болғаны анықталды. Сол себепті оның бағасы өндіруші зауытқа қарағанда төмен болған", – деп мәлімдеді Ысқақов орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте.

Қазір бұл істі құқық қорғау органдары қарап жатыр. Тергеу тендерді жеңіп алған компанияның неге бұрын қолданыста болған жабдықты жеткізгенін анықтайды. Содан кейін сотқа дейінгі тергеу қорытындылары бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.

Сонымен қатар өңірдегі барлық медициналық ұйым компаниямен жасалған шарттарды бұзу және жасанды тыныс алу аппаратын жеткізу үшін төленген аванс сомасын талап ету бойынша талап-арыз дайындап жатыр.

Әкімнің айтуынша, компания өңірге 21 аппарат жеткізуі қажет болған, тапсырыстың жалпы сомасы – 300 миллион теңге. Ауруханалар келісімшарт жасап, аванс беріп қойған. Қазір екі тарап келісімшартты бұзып жатыр.

Оқи отырыңыз: Су жаңа аурухана тым суық: науқас шағымына Алматы облысының дәрігерлері жауап берді

Сондай-ақ, әкім үкімет резервінен сатып алынған жасанды тыныс алу аппаратының жеткізілуіне қатысты түсініктеме берді.

"Өңірге үкімет резервінен 20 медициналық ұйымға 139 жасанды тыныс алу аппараты жеткізілді. Дәрігерлермен сөйлестім, оны қолданып жатқан жоқ, себебі дәл қазіргі уақытта оған қажеттілік жоқ. Барлық жасанды тыныс алу аппараты қабылданды, жұмысқа жарамды күйде тұр. Оларға байланысты ешқандай мәселе жоқ", – деді әкім.

Айта кетейік, бүгінге дейін бұл өңірде алты мыңға жуық адам коронавирус жұқтырды.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2028)

Тақырып бойынша

Павлодар облысында күдіктінің кесірінен полицейлер COVID жұқтырды
Алматыда тағы бір модульді аурухана салынып жатыр
COVID-19: Алматыда балалар бөлімшесі бар аурухана ашылды – фото
Қостанай облысында аурухана отқа оранды – видео
Қазақстан Қырғызстанға 2 млн бетперде мен 400 аппарат жібереді
Кілт сөздер:
Павлодар облысы, аурухана
Загрузка...

Басты тақырып