Өңірлер

Су жаңа аурухана тым суық: науқас шағымына Алматы облысының дәрігерлері жауап берді

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуМороз
Мороз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүгіннен бастап емделушілерге денсаулық сақтау ұйымдарында аудио, фото және видео түсірілім жасауға тыйым салынатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Әлеуметтік желіде биыл ғана 7 миллиард теңгеге салынып, жуырда пайдалануға берілген жаңа аурухана палатасының суықтығына шағымданған видео пайда болды. Ал Алматы облысының дәрігерлері модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына қатысты ақпаратты теріске шығарды.

Алдымен науқастардың бірінің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Автор жаңа жұқпалы аурулар ауруханасындағы палаталарды көрсетіп, температураның төмендігіне шағымданады. Сондай-ақ, бөлме терезесінің алдында тұрған термометрді көрсетеді. Бейнежазбада терезелерге жылы көрпелер төселген. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты теріске шығарып, бүгіннен бастап емделушілерге денсаулық сақтау ұйымдарында аудио, фото және видео түсірілім жасауға тыйым салынатынын айтты.

"Бейнежазбаны аурухананың пациенттерінің бірі түсірген және ондағы мәліметтер сенімсіз. Шындығында, аурухананың барлық бөлімшелерінде температураны бөлме термометрлері тіркейді және 21° С-ден 25° С-қа дейін өзгереді. Бұл қазіргі стандарттарға сәйкес үй-жайларда рұқсат етілген температура", – делінген Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Айта кетейік, жұқпалы аурулар ауруханасы 55 күнде салынып, қазан айының басында пайдалануға берілді. Оның құрылысына 7,3 миллиард теңге жұмсалды. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, аурухана барлық заманауи талаптарға сай және ең жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталған. Оның ауданы 6,8 мың шаршы метрді құрайды.

Оқи отырыңыз: "Адамдар айғайлап, жылап жатты": куәгерлер елордадағы жарылыс туралы айтып берді

 

Жаңалықтар
0