Өңірлер

Қызылордада жаңа әуежай салынбайтын болды

© AP Photo / Ted S. WarrenBoeing 737 MAX, архивное фото
Boeing 737 MAX, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл ақпан айында Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылордада жаңа әуежай салуға қатысты келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеген еді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Қызылорда билігі дағдарыс кезеңінде жаңа әуежай салу жобасынан бас тартты. Оның орнына ескі әуежайды қайта жаңғыртады. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Биыл ақпан айында Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылордада жаңа әуежай салуға қатысты келіссөз жүріп жатқанын мәлімдеген еді. 

Онлайн баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі өңірдің қазіргі басшысынан осы мәселе қалай шешілгенін сұрады. 

"Бұл өте өзекті мәселе, өйткені қалаға келген қонақтар, ең алдымен, әуежайды көреді. Бұл мәселе бойынша біз белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Ірі жоба болды, бірақ ол өте қымбат – 18 миллиард теңге. Биылғы дағдарыс кезеңінде біз одан бас тарттық. Бізге жақын Түркістан қаласында үлкен әуежай салынғанын білесіздер. Байқоңырда да әуе айлағы бар. Осыны ескеріп, біз қазіргі әуежайды кеңейтіп, қайта жаңғыртуды ұйғардық", - деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Айтуынша, қазір жобалық-сметалық құжатта әзірленіп жатыр. Ол келесі жылдың басында дайын болады. Құны – шамамен 1,5 миллиард теңге.

Жаңалықтар
0