08:06 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
417 0 0

Банк бір жылға жуық уақыттан бері Қарағанды ​​тұрғыны Александр Лидің, оның әйелі мен қызының депозиттерінде жиналған 27 миллион теңгені беруден бас тартып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Қарағанды ​​қаласының тұрғыны Александр Ли бір банктегі үш депозитке жиналған өз ақшасын ала алмай жүр. Ер адамның айтуынша, қаржы мекемесі үнемі қажетті соманың жоқтығын желеурететін көрінеді. Ал бақылаушы мемлекеттік органдар көмектесе алмай отыр.

Александр Ли ақшасын аламын деген үмітпен банкке күнде барады, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.  

Ер адамның, оның әйелі мен қызының атына ашылған үш депозитте 27 миллион теңге (63 мың доллардан астам) бар.

Алайда қаржы институтына барған сайын Александрдың тауы шағылып қайтады. Банк қазіргі уақытта компанияда өзгерістер болып жатқандықтан қаражаттың жеткіліксіз екенін, біраз күту керектігін айтып шығарып салады екен.  

Қалыптасқан жағдайға байланысты банк салымшысы бір жылға жуық уақыттан бері ақшасын қайтаруға тырысып жүр.

"Дәл қазір депозиттен 9 миллион теңге беруді талап еттім. Бас тартты: "Ертең келіңіз, аздап ақша береміз" дейді. Осылай жүргеніме бір жылдай болды. АзияКредит банк. Банк те, мемлекеттік органдар да мәселені шешкен жоқ", - дейді Александр Ли.

Сонымен қатар, банк қарағандылықтың алдындағы өз міндеттемесін мойындайды. Сарапшылар мәселенің қашан шешілетінін тап басып айта алмай отыр. Олар төлем АзияКредит банктің басқа қаржы институтымен бірігуіне байланысты кешіктірілді дейді. Оның үстіне салымшылар ақшасын жаппай алып жатыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда банк салымшыларына қауіп жоқ – Тоқаев 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі де жағдайдан хабардар. Александр Ли банкирлерге бірнеше рет шағымданған. Шенеуніктер жағдайды бақылап отырмыз деп жауап берген. Алайда банк пен клиент арасындағы келісімге араласа алмайтындарын айтып, сотқа шағым түсіруді ұсыныпты.

Александр Лидің өзі ақша алу процесі кешеуілдеп кете ме деп қорқады. Сонымен қатар, Қарағанды ​​тұрғыны жақында пәтер сатып алыпты, оған депозиттегі ақшадан төлеймін жоспарлаған екен. Енді жаңа үйінен айырылып қалуы мүмкін. Ол мемлекеттік органдардан жағдайға араласуды сұрайды.  

Тақырып бойынша

Зейнетақы жинағын қалай көбейтуге болады?
Мәжбүрлеп таратылған "Qazaq Banki" клиенті 13 миллион теңгесін іздемеген
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі депозит сатуды неге тоқтатқанын түсіндірді
Tengri Bank салымшыларының ақшасы қалай қайтарылады?
Кілт сөздер:
Қарағанды, депозит
Загрузка...

Басты тақырып