Өңірлер

СҚО-да карантин күшейтілді - не өзгерді

© Sputnik / Елена БережнаяВрач и полицейский близ блокпоста общаются с водителем автомобиля
Врач и полицейский близ блокпоста общаются с водителем автомобиля  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Карантин шараларының өзгеруі сауна, азық-түлік дүкендері, фитнес залдар және тауар мен азық-түлікті жеткізу қызметіне байланысты

ПЕТРОПАВЛ, 20 қараша — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының жаңа бас санитар дәрігері Арман Құшбасов карантин шараларын қатаңдату жөніндегі қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Жұма күні өткен брифинг кезінде санитар дәрігер облыста 5 345 адам коронавирус жұқтырғанын айтты (85-і бір тәулік ішінде).

"Өткен аптамен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші 1,7 есеге артты (257-ден 461-ге дейін). Осыған байланысты бұған дейінгі қаулыға өзгеріс енгізу туралы шешім қабылдадым", - деді Құшбасов.

Азық-түлік дүкендерінде көп адам жиналуын болдырмау үшін дүкендердің жұмыс уақыты кешкі 10-ға дейін ұзартылды. Ал азық-түлік сатпайтын дүкендер дүйсенбі-жұма күндері 08.00-20.00 аралығында жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері уақытша жабылады. 

Карантин шараларының өзгеруі сауна, фитнес залдар және тауар мен азық-түлікті жеткізу қызметіне байланысты.

"Тағам жеткізу уақыты: 8.00-22.00. Сауналардың қызметі тоқтатылады (қонақүйлердегі сауналар да). Қоғамдық моншалар 50 адамға дейін (сыйымдылықтың 50 проценті) таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін жұмыс істейді", - деді санитар дәрігер. 

Спорт, фитнес, жаттығу залдарына келушілер саны сыйымдылықтың 30 процентінен аспауы керек.

30 адамнан астам қызметкері бар мекеменің 80 проценті, 30 адамнан аз болса, 50 проценті қашықтан жұмыс істеуге көшуі тиіс.

Жаңа қаулы 23 қарашада күшіне енеді.

Жаңалықтар
0