Өңірлер

Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады

© Sputnik / Абзал КалиевФевральские метели в столице
Февральские метели в столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейтіні айтылып отыр. Елордада - жауын-шашын

АЛМАТЫ, 20 қараша – Sputnik. 21-23 қарашада Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің хабарлауынша, алдағы демалыс күндері республиканың оңтүстігінде ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 4...8℃ төмен болады және түнде -5...-18 градус аязға, күндіз -2...-5 градус аяздан 3 градусқа дейін төмендейді.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда 21-23 қарашада жауын-шашын, жел болмайды. Түнде ауа температурасы біртіндеп көтеріледі.

21 қарашада түнде ауа температурасы -18...20℃, күндіз -11...-13 градус болады.

22 қарашада түнде ауа температурасы -16...-18 градусқа, күндіз -9...-11 градусқа дейін төмендейді.

23 қарашада температура -12...14℃ болады.

Алматыда 21 қарашада аздаған қар жауады. Түнде ауа температурасы -11...-13 градусқа, күндіз 4-6 градусқа дейін төмендейді. 22-23 қарашада қар жауады, түнде ауа температурасы-10...-12℃ градус болады.

22 қарашада күндіз температура 3-5 градусқа дейін көтеріледі.

23 қарашада 0...-2 градус болады.

Шымкентте 21 қарашада жауын-шашын болмайды деп болжанды. Түнде температура -11...-13 градусқа жетеді, күндіз температура -1...+1 градусқа дейін өзгереді.

22 қараша қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде ауа температурасы -7...-9 градусқа дейін төмендейді, күндіз  0...-2 градусқа дейін жетеді.

23 қарашада түнде қар жауады, ауа температурасы -7...-9 градус, күндіз 0...+2 градус болады.

Жаңалықтар
0