Өңірлер

Қарағанды полицейлері балконда отырған қыздың үйіне есікті бұзып кірді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуНовый дом, архивное фото
Новый дом, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкерлері пәтердің темір есігін кілтпен ашқан, алайда ішкі есік жабық тұрғандықтан бұзуға тура келген

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Қарағандылық полицейлер көпқабатты үйдің балконынан секірмек болған қызды құтқарып қалды, деп хабарлады Polisia.kz.

18 қараша күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты патрульдік полиция полкінің патрульдік жасағы –  полицейлер Бейбіт Байсеркин, Дарын Совет және Айбат Әкімжанов қала шетінде қызметте жүрген. Шамамен сағат 14:00 шамасында жедел басқару орталығынан патрульдік көпқабатты үйдің балконынан қыз баланың секіргелі тұрғаны туралы хабарлама түскен. Араға үш минут уақыт салып, полиция қызметкерлері оқиға орнына жетті.

"9 қабатты үйдің 8-қабатында қыз бала балконның қоршауынан аяғын шығарып отырды. Ол өзінің ешкімге керек емес екенін, сондықтан да осындай жолмен өміріне қол сұғатынын айтып айқайлап жатты. Далада, оқиға болған жерде бес-алты адам жиналып, қызға бұлай жасамау керек екенін айтып тұрды. Сол кезде куәгерлердің бірі маған қыз отырған балконнан түскен сөмкені әкеліп берді. Ішінен кілт тауып алып, әріптесім екеуміз бірден жоғары көтерілдік", – дейді Айбат Әкімжанов.

Полицей Бейбіт Байсеркин тоғызыншы қабатқа көтеріліп, секірмек болған қызды сөзге тартып, алдап тұрған.

Пәтердің темір есігін бірден ашқан полиция қызметкерлері ішкі есіктің жабық екенін анықтайды. Сондықтан да оны бұзып кірген.

"Пәтерге кірісімен, балконға жүгіріп, балконда отырған қызды ішке тартып алдық", – дейді Дарын Совет.

Оқи отырыңыз: Елордада полицейлер өз-өзіне қол жұмсамақ болған қызды құтқарып қалды – видео

Полиция қызметкерлері құтқарған қыз медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Қыз бала анасымен ұрсысып қалып, осындай жолмен өмірімен қоштасқысы келгені анықталды. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында оқыс оқиғаға жол берілген жоқ.

Жаңалықтар
0