22:19 27 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD422.40
  • EUR502.78
  • RUB5.59
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
7396 0 0

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған видеоны мұқият зерттеп шықты

АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының полицейлері елес пайда болды деген ауылды тексеріп шықты. Тәртіп сақшылары ешқандай елестің жоқ екенін дәлелдеу үшін әр қадамын видеоға түсіріп отырған, деп хабарлады "Мой город" басылымы.

Полиция тексеру жұмысын Қаратөбе ауданы Ханкөл ауылының кіреберісінен бастады. Желідегі видеоға қатысты түсініктеме берген учаскелік инспектор ауылға кіреберісте видеодағыдай асфальт жоқ екенін атап өтті.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, олардың тараған қауесетке қатысты пікірін білді.

"Ханкөлде елес жоқ, ауылдағы өмір қалыпты әрі тыныш. Зұлым рух туралы ақпарат жалған. Арамызда ешкім ондай ештеңе көрген емес", - дейді ауылдықтар.

Сонымен қатар бұл іс бойынша Қаратөбе полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Маман Исағалиев ресми мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, "елес" бар видеоның Батыс Қазақстандағы ауылға ешқандай қатысы жоқ.

"Видео Youtube-те 11 ай бұрын пайда болған. Сондай-ақ, біз Самара-Шымкент тасжолын, атап айтқанда Ханкөл ауылы орналасқан 14 шақырым жолды тексердік. Мұнда видеодағыдай жасыл алаң мен ағаштар жоқ. Бұл ақпараттың жалған екенін тағы бір рет дәлелдеп тұр. Ауыл тұрғындарына қауесетке сенбеуге және жалған ақпарат таратпауға кеңес беремін", - деді Исағалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Ханкөл ауылының тұрғындары арасында түнгі уақытта жол бойында "қыздың елесі" жүргені туралы қауесет тарады. Желіде "елестің" фотосы мен видеосы жарияланды. Жергілікті ақсақалдар құрбандық шалды.

Тақырып бойынша

Облыс әкімі жұрттың зәресін ұшырған "қыздың елесі" жайлы ақпаратқа түсініктеме берді  
Батыс Қазақстанда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз туралы тың дерек шықты
"Жаны жай таппаған": астанада зират үстіндегі үйлерді елес кезіп жүргені рас па?
Баланың төсегіндегі "елес" әйелдің зәресін ұшырды – фото
Видеоға түсіп қалған елес музей қызметкерлерінің зәресін алды
Кілт сөздер:
видео, елес, ауыл, полиция, Батыс Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып