07:46 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
807 0 0

Адвокат Аслан Жолболов тергеу жұмыстары барысында нәрестенің мәйіті ауыстырылған болуы мүмкін деп атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша – Sputnik. Атырау перинаталдық орталығындағы нәресте өліміне қатысты іс бойынша басты күдікті  Қуаныш Нысанбаевтың адвокаты Аслан Жолболов күтпеген мәлімдеме жасады. Оның пікірінше, тергеу барысында нәрестенің мәйіті ауыстырылған болуы мүмкін. Бұл туралы Ақ Жайық жазды.

Адвокат Аслан Жолболов жекелеген дәлелдердің, атап айтқанда, Қарағанды облысы бойынша сот сараптамалары институтының комиссиялық сараптамасының қорытындысы жарамсыз екендігін мәлімдеді.

"Осы қорытынды негізінде менің қорғалушым Нысанбаевқа Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылып отыр", - деді Жолболов.

Ол алдымен Батыс Қазақстан бойынша сот сараптамасы институтының алғашқы сараптамасына тоқталды. Оның пікірінше, мұнда да даулы мәселелер бар.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, сараптамадан кейін нәрестенің мәйіті Оралдан 2019 жылдың 30 қыркүйегінде қайтадан Атырауға жеткізіліп, сол күні ата-анасына қайтарылған. Алайда, Жолболовтың айтуынша, 2020 жылдың 7 қыркүйегінде сотта оралдық сарапшылар атыраулық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері оны 2019 жылдың 11 қазанында қорытындымен бірге алып кетті деп жауап берген.

Тоңазытқыштағы бала өлімі: куәгер тірі нәрестені өз көзімен көргенін айтты

"Менің әріптесім адвокат Жамбыл Мұқашев осы сәйкессіздік туралы бірнеше рет айтқан, бірақ сот оны ескермеген. Енді мен Қарағандыда жасалған комиссиялық сараптаманың қорытындысына назар аударғым келеді. Биылғы 9 қазанда мен әділет министрлігінің сот-сараптама орталығына "зерттеу объектісіне берілген нөмір сараптама қорытындысының нөміріне сәйкес келуі керек пе?" деген адвокаттық сауал жолдадым. Бұл сауалға оң жауап алдым. Енді қараңыз: зерттеу объектісіне берілген нөмір - №14-651/23-3-257K. Бұл мынадай мағынаны білдіреді: 14-651 - зерттеу объектісі тіркелген реттік нөмірі, яғни, тіркеу журналына сәйкес, жәбірленуші Тұрымбетованың нәрестесінің мәйіті. 23-3 – сараптама шифрлары, 257K – комиссиялық сараптама нөмірі. Бұл ретте, қорытындыға жалғанған суретке сәйкес, зерттеу объектісі 14-652/23-3/257K нөмірлі материал болды. Цифрлар сәйкес емес - менің пікірімше, бұл басқа мәйіт екендігін білдіреді, - деді Жолболов.

"Білмеймін, бұл қате ме, басқа нәрсе ме, бірақ әрі қарай №14-652 нөмірге сол тергеу-жедел тобы тағайындаған басқа Айтмұратова дегеннің сәбиінің мәйітіне қатысты материал тіркелген. Әрі қарай №14-563 материал Роза Молдағалиеваға қатысты. Айтмұратованың кім екені бізге белгісіз, ол осы қылмыстық істің материалдарында жоқ", - деп толықтырды адвокат.

Оның айтуынша, сондай-ақ контейнерді мөрлеу кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол берілген, бұл да Тұрымбетованың нәрестесінің мәйіті зерттелмеген деген күдік тудырып отыр.

"Осы қарама-қайшылықтарды ескере отырып, мен 2019 жылғы 20 желтоқсандағы 14-651/23-3-257k нөмірлі кешенді сот сараптамасының қорытындысын іс бойынша жарамсыз дәлел деп тануға өтініш беремін. Сондай-ақ, бұл жағдайда нәрестенің мәйіті – сот-медициналық зерттеу объектісінің ауыстырылғаны туралы мәлімдеме жасауға мәжбүрмін. Мұны кім, қандай мақсат үшін жасады, менің ойымша, уәкілетті органдар анықтауы тиіс", деп түйіндеді Жолболов.

Судья Гүлмира Дәулетова танысу үшін құжаттарды прокурор Нұржан Жангереевке беруді сұрады. Екінші прокурор Магомед Есенболатовты судья өткен отырыстардың бірінде процестен шеттеткен. Адвокаттардың айтуынша, судья сотталушылардың бірі – акушер-гинеколог Асқар Қайыржанның өтініші негізінде прокурорға қарсылық білдірген.

Енді ұзаққа созылған осы сот отырысында сотталушы Нысанбаевқа қатысты 367-баптың 2-тармағы ("Айтарлықтай мөлшерде пара беру") бойынша айыптау эпизодын қарау қалды. Тараптардың жарыссөзі 24-26 қарашаға жоспарланған.

Тақырып бойынша

"Құдай бізді кешірсін": Атырауда сәбиді өлтірген дәрігерлердің әңгімесі жарияланды  
Дәрігерлер 277 нәрестенің өлімін жасырған – министр Біртанов
Тоңазытқыштағы бала өлімі: облыстық басқарма басшысы қызметінен кетті
Атырау облысында сәбилердің неден шетінегені белгілі болды
Кілт сөздер:
Атырау, тоңазытқыш, нәресте
Загрузка...

Басты тақырып