Өңірлер

Қарағанды облысында балаларды бірнеше рет зорлаған педофил сотталды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот айыпталушы ер адам жасаған жас балаларды зорлау мен азғындық жолға түсірудің 18 эпизодын дәлелдеді

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 18 қылмыс жасаған педофилге үкім шықты. Сонымен қатар қылмыскердің әйел досы мен оның қызы сотталды. Олар қылмысты біле тұра полицияға хабар бермеген.

Кәмелетке толмағандарға қатысты ауыр қылмыс жасағаны үшін ұсталған Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының тұрғыны 26 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады "Литер" газеті.

Қостанайда ер адам жас қызға анайы ұсыныс жасаған 

Сотталушының Қылмыстық кодекстің 120-бабы ("зорлау"), 124-бабы ("жас балаларды азғындық жолға түсіру") және 121-бабы ("сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша он сегіз қылмысы дәлелденді.

"Сотталушы Қылмыстық кодекстің 120, 121 және 124-баптары бойынша кінәлі деп танылсын және барлық жүктелген қылмыстың жиынтығы бойынша төтенше қауіпсіз мекемеде жазасын өтей отырып, 26 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Алғашқы бес жылды толық қауіпсіз мекемеде өтейді", - деп үкім шығарды судья Қайрат Қасымов.

Сондай-ақ, сотталушының әйел досы мен оның қызына да үкім шығарылды. Екі әйел ер адамның осы аудандағы екі қызға қатысты бірнеше рет қылмыс жасағанын білген, алайда бұл туралы полицияға хабарламаған.

Сот тыңдаулары барысында екі сотталушы да әрекетіне өкінетінін айтты. Соған байланысты оларға екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сондай-ақ, осы мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Жаңалықтар
0