07:56 28 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD423.87
  • EUR505.25
  • RUB5.59
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (706)
39 0 0

Қазір Қостанай облысының аумағында 20 санитарлық блок бекет жұмыс істесе, оның жетеуі Қостанай қаласының аумағында орналасқан

АЛМАТЫ, 18 қараша – Sputnik. Қостанай облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес облыс орталығында санитарлық блок бекеттер қойылды. Полиция көліктерді тексеріп жатыр, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Жаңа шектеу шараларына сәйкес, Қостанай қаласынан кіріп-шығуды растайтын құжат болған кезде ғана шығуға болады. Азамат қызмет бабы бойынша облыс аумағында жүріп-тұруы үшін жұмыс берушінің мөрі басылған анықтамасы болуы қажет.

Полиция қазір қалада блок бекеттердің қалай жұмыс істеп жатқанын айтып берді.

"Әдеттегі режимде жұмыс істейміз. Қазірге дейін қызметкерлер 2,5 мың автокөлікті тексерді, оның ішінде 200-ге жуық көлікке қаладан шығуға рұқсат берілмеді. Кейбірінде қолында құжаты болмады, енді бірінің қаладан шығу үшін шұғыл себебі жоқ", – деді №1 бекет учаскесінің жетекшісі Асқар Бағасов.

Полицияның айтуынша, әрбір жағдай жеке-жеке қаралады. Егер адам емделуге немесе жақын туысының жерлеуіне бара жатса, оны айғақтайтын құжат қажет. Сонымен қатар термометриядан өтпейтін жолаушылар қаладан шыға алмайды. Учаскеде мұндай жағдай тіркелмеген.

Қазір Қостанай облысының аумағында 20 санитарлық блок бекет жұмыс істеп тұр, оның жетеуі Қостанай қаласы аумағында орналасқан.

Айта кетейік, Қостанай облысы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа кіреді.

Сондай-ақ, аймақта жабық спорт нысандарының жұмысына тыйым салынды.

Қоғамдық тамақтану орындарында бір үстелдегі адамдар саны 4-тен аспауы тиіс. Үстелдер арақашықтығы екі метр болуы керек, 22.00-ден кейін тағамды жеткізу немесе алып кету қызметі ұсынылады.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысы мен Ресей шекарасында блок бекеттер қойылады

Бассейндер жұмысына (сауна мен монша ішіндегі де) тыйым салынды. Монша мен сауналар 9.00-19.00 аралығында жұмыс істейді.

Өңірде шипажай мен демалыс базаларының жұмысы уақытша тоқтатылды.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (706)

Тақырып бойынша

Жұмыстан келе жатқан: Қостанай облысында полицей әйелді көлік қағып өлтірді
Қостанай облысында аурухана отқа оранды – видео
Вице-премьер Қостанай облысында карантинді күшейтуді тапсырды
Қостанай облысының айналасына санитарлық бекеттер қойылады
Қостанай облысында елік атып жүрген бір топ браконьер ұсталды
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, шектеу, карантин
Загрузка...

Басты тақырып