Өңірлер

Атырау облысының әкімдігі не үшін 20 млн теңгеге көлік сатып алды

© Photo : pixabay.comМужчина в салоне автомобиля, иллюстративное фото
Мужчина в салоне автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көліктерді сатып алуға қаражат Атырау облыстық мәслихатының тиісті шешімімен бөлінгені хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 17 қараша – Sputnik. Мемлекеттік сатып алу сайтында Атырау облысы әкімдігінің 20 миллион теңгеге екі жол талғамайтын көлік сатып алғаны туралы хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыс әкімдігінің хабарлауынша, Атырау жедел штабы топтарының дайындық деңгейін арттыру үшін 19 696 429 теңгеге екі жол талғамайтын көлік сатып алынады. Көліктерді сатып алуға қаражат Атырау облыстық мәслихатының тиісті шешімімен бөлінді.

"Бюджетке қозғалтқыш көлемі 1999 текше сантиметр базалық жиынтықта Қазақстанда өндірілген KIA Sportage маркалы 2 автокөлікті сатып алуға ұсыныс енгізілді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Ведомствоның хабарлауынша, әкімдік өтінім берген кезде қозғалтқышының көлемі 2000 текше сантиметрден асатын және ЕЭО-ға мүше мемлекеттерде шығарылмайтын жеңіл автокөліктерді сатып алуға үш жылға тыйым салу туралы президент өкімін ескерді.

Айта кетейік, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың басында қымбат көлік сатып алуға және іс-шаралар өткізуге мораторий жариялады. 

"Қымбат көліктер мен жиһаздар алу, түрлі форумдар, семинар мен мәслихаттар өткізуге кететін шығындарға ұзақжылдық мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар тәжірибелік және идеологиялық пайда әкелуі керек", - деді Тоқаев.

Президент бөлінген қаражат елдің мүддесіне қызмет етуі қажет екенін айтқан еді.

Жаңалықтар
0