Өңірлер

Батыс Қазақстанда 15 жасында тұрмысқа шыққан қыз туралы тың дерек шықты

CC0 / / Силуэт девушки на фоне окна, иллюстративное фото
Силуэт девушки на фоне окна, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен қарым-қатынасқа түскен ер адамға ешқайда кетпеу туралы хат берілді, тергеу жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында 29 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққан 15 жасар қыздың анасы сот сараптамасынан бас тартты, деп хабарлады полиция.

Бұған дейін қыркүйек айының ортасында полицияның аудандық бөліміне жасөспірім қыздың жоғалғаны туралы хабар түскен. Кейін ол Орал қаласынан табылды. Жасөспірім 29 жастағы ер адамға күйеуге шыққан. Ол дәстүрлі емес діни ағымды ұстанатыны анықталды. 

Тұрмысқа шыққан қыз қара түсті паранжа киіп, жақындарымен байланысты үзуге тырысқан, деп хабарлады БАҚ.

Ер адам "некені" жамылып 2005 жылы туған қызбен жыныстық қатынасқа түскен, деді полицияда.

Оның мұндай әрекеті Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігіне сәйкес қарастырылатын болады  (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынаста болу). Кінәлі деп табылса, бес жылға дейін бас бостандығы шектеліп немесе осы мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

15 жасар қыздың анасы сот-медициналық сараптама мен биологиялық тексеруден бас тартты.

"Кәмелеттік жасқа толмаған қыздың анасының еш наразылығы жоқ. Тергеу жүргізіліп жатыр. Ер адамға ешқайда кетпеу туралы хат берілді", - деп хабарлайды "Мой город" басылымы Батыс Қазақстан облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жаңалықтар
0