Өңірлер

Қасымбек Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық жағдай жайлы баяндады

© REUTERS / LISI NIESNERСотрудник лаборатории вставляет пробирки с пробами на коронавирус в устройство для проведения анализа
Сотрудник лаборатории вставляет пробирки с пробами на коронавирус в устройство для проведения анализа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Желтоқсан айына қарай өңір ауруханаларындағы коронавирус инфекциясын емдеуге арналған орындардың саны 5 200-ге дейін жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде облыстағы ауруханаларда науқастарға арналған орындардың толуы 4 проценттен аспай отыр. Бұл – еліміз бойынша ең төмен көрсеткіштердің бірі", - деді Қасымбек орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, алдағы желтоқсан айына қарай ауруханаларда коронавирус инфекциясын емдеуге арналған орындардың саны 5 200-ге дейін жеткізіледі. Емханалардың жанынан 288 мобильді топ құрылған. Ал шалғай жатқан ауылдарда 9 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.

"Президенттің тапсырмасы бойынша тұрғындарды тестілеумен қамтуды арттырдық. Қазір облыста тәулігіне 10 мың сынақ өткізе алатын 8 ПТР-зертханасы жұмыс істейді. Пандемия басталғалы бері облыс аумағында 285 мың сынақ алынды", - деп атап өтті Қасымбек.

Облыс басшысы вахтамен жұмыс істейтіндерді тексерістен өткізу мәселесіне де тоқталды. Бүгінде аймақта ондай 40-қа жуық кәсіпорын бар. Вахтамен келетін жұмысшылар ауысымға дейін және одан кейін міндетті түрде тест тапсырып тұрады.

"Емханалар мен дәріханаларда медициналық препараттардың үш айлық қоры бар. Диспансерлік есепте тұрған барлық науқас қаңтар айын қоса алғанда қажетті дәрі-дәрмектер жиынтығын алады. Биыл жасанды тыныс алдыру аппараттардың саны 2,5 есеге көбейді. 25 ауруханада медициналық газ берудің орталықтандырылған жүйесі орнатылды", - дейді Қасымбек.  

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан әкімі астаналықтарға үндеу жасады 

Қазіргі кезде облыстың айналасында 8 санитарлық бекет орнатылды. 6,5 мыңнан астам медицина қызметкері коронавируспен күрес шараларына дайын отыр. Маман тапшылығы жоқ.

Жыл соңына дейін Шахтинск, Балқаш, Жезқазған мен Сәтпаев қаласында компьютерлік томография кабинеттері ашылады. Осылайша, облыста ондай кабинеттердің саны 22-ге дейін жетеді.

Жаңалықтар
0