Өңірлер

Түркістан облысында полицейлер 200 адам жиналған көкпардың үстінен түсті – видео

© Sputnik / Анатолий УстиненкоКөкпар
Көкпар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жайылымда өткен көкпарға жиналған қауым бірден тарқатылды, той иесі мен ұйымдастырушыға айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Түркістан облысында Қарнақ ауылына қарасты жайылымда көкпар ұйымдастырылғаны анықтады. Ойынға 200-ге жуық адам жиналған.

Кезекті рейд барысында Кентау қаласының полицейлері мобильдік топпен бірге Қарнақ ауылына қарасты жайылымда көкпар өтіп жатқанын, оған 200-ге жуық адам жиналғанын анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкпарға жиналған қауым тарқатылды. Мобильдік топ көкпарға қатысқан тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, көкпар ұйымдастырушысы мен той иесіне қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиналған материал шешім қабылдау үшін тиісті органға жолданып, айыппұл салынды.

Жаңалықтар
0