Өңірлер

Көктайғақ, тұман, екпінді жел: Қазақстанның 12 облысында дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневГололед, прохожий, пешеход
Гололед, прохожий, пешеход - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрлік мамандары жолдағы көктайғаққа байланысты жүргізушілерге жылдамдықты шамадан тыс асырмауға кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Қазгидрометтің синоптиктері ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның 12 облысында дабылды ескерту жариялады.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігі Обь шығанағынан (Кар теңізінің ең үлкен шығанағы) жеткен ауа ағынының әсеріне ұшырайды. Жауын-шашынды ауа райы республиканың оңтүстігі мен шығыс бөлігіндегі сақталады да, еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, кей жерлерде тұман түсіп, қар жауып, көктайғаққа ұласады деп болжануда.

Дабылды ескерту

  • Нұр-Сұлтанда сейсенбі, 10 қараша күні желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, қар жауып, көктайғақ болады деп болжанған.
  • Ақмола облысында желдің екпіні секундына 23-28 метр жетіп, кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады.
  • Ақтөбе облысында секундына 16 метрге жететін жел соғып, тұман түседі.
  • Атырау облысында тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Қатты жауын-шашынмен қатар, жел соғып, екпіні секундына 23-28 метрге жетуі мүмкін.
  • Батыс Қазақстан мен Қостанай облысында тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.
  • Қарағанды ​​облысының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел соғады. Секундына 15-20 метрге жетеді.
  • Қызылорда облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жел тұрады.
  • Маңғыстау облысының кей аумағында тұман түседі.
  • Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Жел соғып, секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
  • Түркістан облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Айта кетейік, ауа райының құбылуына байланысты төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік жүргізушілеріне жолдарда абай болып, жылдамдықты шамадан тыс асырмауға және арақашықтықты сақтауға шақырады.

Жаңалықтар
0