Өңірлер

Жолдарға "үш аяқты" қондырғы қойылды: екі күнде үш млн теңге айыппұл өндірілді

© Sputnik / Владислав ВодневЛошади переходят дорогу возле Нур-Султана
Лошади переходят дорогу возле Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер "Крис-П" радар-кешенді қондырғыларын пайдаланып жатыр, оның базасына ереже бұзушылар туралы мәліметтер енгізілген

ТАЛДЫҚОРҒАН, 8 қараша – Sputnik. Алматы облысының жолдарында "үш аяқты" қондырғының көмегімен айыппұлды төлегісі келмейтін жүргізушілер анықтала бастады.   

Облыстық полицияның мәліметінше, полицейлер сот орындаушылармен бірге ереже бұзушылардан екі күннің ішінде 3 миллион теңгеге жуық әкімшілік айыппұлды өндіріп алған.    

Оқи отырыңыз: Елімізде жүргізушілерге тағы бір жаңа айыппұл салу қарастырылып жатыр 

"Тыйым салу түрінде шектеу қойылған 172 автокөлік анықталды. Оның ішінде айыппұлды әдейі төлемей жүрген борышкерлерге қатысты 154 қаулы орындалып, 2 миллион 904 мың 584 теңге өндірілді", - дейді әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы Саят Ибраимов.

Полицейлер "Крис-П" радар-кешенді қондырғыларын пайдаланып жатыр, оның базасына ереже бұзушылар туралы мәліметтер енгізілген. Сондай-ақ олардың арасында алимент пен салықтан жалтарушылар да бар.

Жаңалықтар
0