Өңірлер

Синоптиктер сенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневОсенний день в Нур-Султане
Осенний день в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ертең Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Синоптиктер Мурманск жақтан келетін циклонмен байланыстырып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Қазгидромет синоптиктері 7 қарашада ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Қазақстанның басым аумағындағы ауа райына Мурманск жақтан келген циклон әсер етеді.  Ауа райы құбылмалы, жел күшейеді, тұман түседі. Батыс пен солтүстікте көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыс пен шығыста ғана жауын-шашынсыз.

Дабылды ескерту

7 қарашада Қызылорда, Ақмола, Атырау, Маңғыстау, Түркістан облысында жел күшейеді, жылдамдығы - 15-20 м/с.

Ақтөбе облысында тұман, көктайғақ.

Сенбі күні Қостанай облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Елордада түнде минус 1 - плюс 1, күндіз плюс 8-10, күн алабұлтты.

Алматыда түнде 2-4 градус жылы, күндіз плюс 16-18.

Шымкентте түнде плюс 4-6, күндіз 22-24 жылы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктердің болжамы

Жаңалықтар
0