Өңірлер

Көктайғақ, тұман, жел: ертең ауа райы қандай болады

© Sputnik / Абзал КалиевЖилой комплекс "Северное сияние", виды Нур-Султана
Жилой комплекс Северное сияние, виды Нур-Султана  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Үш солтүстік өңірде тұман мен көктайғаққа байланысты дабылды ескерту жарияланды. Циклон әсерінен солтүстік, батыс және оңтүстік-батыста кей жерлерде жаңбыр жауады

НҰР-СҰЛТАН - 5 қараша, Sputnik. Қазақстанда жұма күні ауа райы, негізінен, жауын-шашынсыз. Циклон әсерінен солтүстік, батыс және оңтүстік-батыста кей жерлерде жаңбыр жауады.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман, Павлодар облысында - көктайғақ. Батыс Қазақстанда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Атырау облысында тұман түседі.

Дабылды ескерту

Ақмола облысында кей жерлерде тұман болады.

Қостанай облысында да тұман, көктайғақ.

Солтүстік Қазақстан облысында тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Ірі қалалардағы ауа райы

Нұр-Сұлтанда күндіз плюс 7-9 градус, түнде минус 2 градус.

Алматыда күн бұлтты. Күндіз 13-15 градус жылы, түнде 2 градус нөлден жоғары.

Шымкентте плюс 18-20 градус, түнде 1-3 градус жылы.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда қыс қандай болады – синоптиктердің болжамы

Жаңалықтар
0