Өңірлер

Павлодар облысында бұрынғы аудан әкімі қамауға алынды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол пайдалану талаптарына сай келмейтін нысанды облыстық бюджет қаржысы есебінен заңсыз сатып алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің хабарлауынша, ведомство Оразгелді Қайыргелдиновке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған, тергеу жүргізіліп жатр.

Оқи отырыңыз: Экс-министр Біртанов қамауға алынды 

"Ол пайдалану талаптарына сай келмейтін нысанды 240 миллион теңге көлеміндегі облыстық бюджет қаржысы есебінен заңсыз сатып алды деген күдікке ілінді. Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Тергеу жалғасуда", – делінген департамент таратқан мәліметте.

Сотқа дейінгі тергеу ақпараты жария етілмейді.

Еске сала кетейік, Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.

Жаңалықтар
0