Өңірлер

Қазақстанның бір облысында 5-сынып оқушылары мектепке барып оқи алады

© Sputnik / Абзал КалиевКезекші сыныптардағы парталар
Кезекші сыныптардағы парталар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сондай-ақ, халықаралық мектептерде жетінші сыныпқа дейінгі оқушыларды дәстүрлі форматта оқытуға рұқсат етілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында бесінші сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға және халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін дәстүрлі оқыту форматына көшуге рұқсат етілді. Тиісті қаулыға өңірдің бас санитарлық дәрігері Салтанат Әлібаева қол қойды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қаулыда 2020-2021 оқу жылының екінші тоқсанында мыналарға рұқсат етілді:

  • оқушы саны 300-ден аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқыту, сыныпта бала саны 15-тен аспауы тиіс;
  • ата-аналардың өтінішімен жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сынып оқушыларын кезекші сыныптарда оқыту;
  • ата-аналардың өтінішімен халықаралық мектептерде – 7-сыныпқа дейін.

Оларға сыныпта бала санын 15-тен асырмау және санитарлық нормаларды сақтау талабы қойылады.

Бұған дейін ведомствоаралық комиссия күзгі демалыстан кейін мектепке барып оқитын оқушылар саны артатынын хабарлаған еді. Алайда шешімді нақты өңірдегі жағдайға қарай санитарлық дәрігерлер қабылдайды.

Сондай-ақ, санитарлық дәрігердің қаулысымен Жамбыл облысында театрлар мен храмдардың жұмысына рұқсат етілді.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Жаңалықтар
0