Өңірлер

Терезеден секіріп кеткен: Шымкентте қыз алып қашқан жігіттің үстінен іс қозғалды

CC0 / StockSnap / Невеста у окна, архивное фото
Невеста у окна, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қыздың омыртқасы екі жерден сынған және басқа да жарақаттар алған, дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Шымкент полициясы департаментінің қызметкерлері қыз ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бойжеткен өзін үйлену мақсатында алып қашқан жігіттің пәтерінен шығып кету үшін екінші қабаттың терезесінен секірген. Соның салдарынан жәбірленуші ауыр жарақат алған.  

Қайғылы жағдай өткен сейсенбі күні кешке Шымкентте болды, деп хабарлады Otyrar.kz порталы.

"Жәбірленуші кеуде және бел омыртқасының сынуы, жамбас сүйектерінің сынуы және іш жарақаты диагнозымен бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды", - дейді куәгерлер.

Қазіргі уақытта бойжеткен ауруханада дәрігерлердің бақылауында жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Алайда оның болашақта өзі жүріп-тұра алатыны туралы ешқандай болжам айтылған жоқ.  

Оқи отырыңыз: Алматы облысында қыз алып қашқан бес жігіттің басы бәлеге қалды

Қалалық полиция осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.  Қалыңдық ұрлаған "күйеу жігіт" Қылмыстық кодекстің бірден бірнеше бабы бойынша жауапқа тартылуы мүмкін.

Жаңалықтар
0