Өңірлер

Облыс орталығында блок бекеттер қойылады

© Sputnik / Владислав ВодневПроверка документов на полицейских постах, выставленных на выезде из Нур-Султана
Проверка документов на полицейских постах, выставленных на выезде из Нур-Султана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өңірдегі жағдайды тұрақтандыру үшін облыс әкімдігіне 9 қарашадан бастап шектеу шараларын қолға алу тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН - 4 қараша, Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасы, премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды.

Ол өңірде қазан айының қорытындысы бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 2,7 есеге артқанын атап өтті.

Ералы Тоғжанов шектеу шараларына мониторинг жүргізетін топтар тиімділігін арттырудың маңыздылығына тоқталды. ПТР зертханалар жұмысына мән беріп, коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болғандармен жұмысты күшейтуді тапсырды.

Өңірдегі жағдайды тұрақтандыру үшін облыс әкімдігіне 9 қарашадан бастап шектеу шараларын қолға алу тапсырылды:

  • Көкшетау айналасында блок бекеттер орнату
  • ауруға шалдыққандар саны 10-нан асқан елдімекендерде санитарлық бекеттер қою
  • Көкшетау-Алматы, Көкшетау-Ақтау әуе рейстерін аптасына 2 реттен 1 ретке дейін азайту
  • Көкшетау – Қызылорда бағыты бойынша теміржол тасымалын аптасына 7-ден 3-ке дейін қысқарту
  • облыс ішінде пойызбен жүретін транзиттік жолаушылардың тоқтауына тыйым салу
  • діни нысандар, театр, кинотеатр, мәдениет нысандарының жұмысын уақытша тоқтату
  • жұмыс күндері сауда үйлерінің жұмысын 10.00-20.00-ге дейін бекіту
  • қызметкерлердің 80 процентін қашықтан жұмысқа көшіру
  • елдімекен арасында тұрғындар қозғалысын шектеу (23.00-ден таңғы 6-ға дейін).
Жаңалықтар
0