Өңірлер

Өскемен мен Семейде 200 адамды пойызға мінгізбей қойды

© Sputnik / Тимур БатыршинЖелезнодорожный вокзал Алматы возобновил работу после снятия блокпостов
Железнодорожный вокзал Алматы возобновил работу после снятия блокпостов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пойыз билетін сатып алған 200 адам Шығыс Қазақстан облысынан шыға алмады, өйткені олардың қолында коронавирусқа ПТР-тест анықтамасы болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында 200 адамға пойызға мінуге тыйым салынды: тұрғындар вокзалға коронавирусқа ПТР-тест анықтамасын алмай келген, деп хабарлады көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов.

2 қарашада Семейден Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларына ПТР-тест анықтамасы бар 287 жолаушы пойызбен жол жүріп кетті, тағы 137 адамға вагонға кіруге тыйым салынды.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда тұрғындар үйден басқа жердің бәрінде маска тағуға міндеттелді 

Сол күні ПТР анықтамасы бар 44 жолаушы Өскеменнен Нұр-Сұлтан және Алматы бағыттары бойынша теміржол көлігімен аттанды, ал 63 адамға жол жүруге рұқсат етілмеді.

ПТР-тест тапсырмауына байланысты өңірден шыға алмаған барлық жолаушыға билет ақшасы қайтарылды.  

Жаңалықтар
0