Өңірлер

Көкшетаудың айналасында санитарлық бекеттер қойылуы мүмкін

© Photo : акимат Карагандинской областиСанитарный пост в Карагандинской области
Санитарный пост в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Көкшетауда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуымен байланысты. Облыс орталығында вирус жұқтырғандар саны екі есеге артқан

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша - Sputnik. Көкшетау айналасында санитарлық бекеттер қойылуы мүмкін. Өңірдің санитарлық дәрігерлері облыс орталығында карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулы әзірленіп жатыр.

Бұл Көкшетауда эпидемиологиялық жағдайдың ушығуымен байланысты, деп хабарлады 716.kz Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, облыс орталығында вирус жұқтырғандар саны екі есеге артқан.

Әкім 30 қазанда облысқа жұмыс сапарымен премьер-министр келгенін атап өтті. Наурыз-қараша айлары аралығында 325 жасанды тыныс алдырту аппараты алынған. Жаңа рентген-аппарат, жылжымалы кешендер пайда болды. Дәрі-дәрмектің екі айлық қоры дайын. 

"Алайда өзімізді күтпесек, бұл шаралар бізге көмектеспейді. Сондықтан маска режимін сақтап, тойлар мен отырыстардан бас тартуымыз керек", - деді Маржықбаев.

Өңірдің санитарлық дәрігерлері облыс орталығында карантиндік шараларды қатаңдату туралы қаулы әзірленіп жатыр.

"Қала айналасында санитарлық бекеттер орнатылады. Сауда үйлері, мейрамханалар, оқу мекемелерінің жұмысын қайта қарап жатырмыз", - деді өңір басшысы.

Жаңалықтар
0