Өңірлер

Алматыда коронавирус жұқтырған үш жігіттің шәуеті тартылып қалған

© AFP 2024 / PIERRE-PHILIPPE MARCOUВрачи осматривают пациента в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Врачи осматривают пациента в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус еркектің бала туғызу қабілетін төмендетеді. COVID-19-бен ауырғандар үш айға дейін бала туғыза алмайды, дейді мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Пандемия кезінде елімізде демографиялық өсім азаюы мүмкін. Себебі коронавирус инфекциясы ерлердің бала туғызу қабілетін төмендетеді. COVID-19-бен ауырған жігіттердің басым көпшілігінде ұрық болмайды, дейді дәрігерлер.

Мәселен, Алматыдағы репродукциялық орталыққа келіп ем қабылдап жүрген үш жігіттің шәуеті тартылып қалған. Өйткені үшеуі де бұған дейін коронавируспен ауырыпты. Алайда мамандар ерлердің ұрығы 75 күн сайын жаңарып отырады дейді. Сондықтан COVID-19-бен ауырғандар  үш айға дейін бала туғыза алмайды деген болжам бар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індетке шалдыққан 400-ге тарта науқас анықталды 

Ал коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер арасында түсік тастау мен ерте босану жиілеген, деп хабарлады КТК.

Әлемдік статистикаға сүйенсек, инфекция жұқтырған жас аналардың 20 пайызы уақытынан бұрын босанған. Сондықтан осындай қиын кезеңде дәрігерлер бала сүюді жоспарламай қоя тұру керек дейді.

"Жас отбасы бала сүюді келесі жылға шегере тұрғаны абзал. Себебі, аяқ астынан коронавируспен ауырып қалса, қауіпті індет ұрпағына қалай әсер ететіні белгісіз. Ал 35-40-қа келіп қалғандарға жүктілікті шегерудің қажеті жоқ. Онсыз да жасы ұлғайып барады. Бірақ жеке бастың тазалығын сақтап, көшеге шықпай, қоғамдық орындарға бармай, сәби өмірге келгенше сақтанып жүру керек", - дейді Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин. 

Жаңалықтар
0