Өңірлер

Полицейлер төсекте видео түсіріп, оны 7 мың теңгеден сатқан әйелді ұстады

© Sputnik / Абзал КалиевДевушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото
Девушка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полиция қызметкерлері қарағандылықтың серіктестерін анықтау бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Қарағандылық полицейлер әлеуметтік желілерде порнографиялық бейнежазбалар таратқан әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Инстаграм және Телеграмда порнографиялық материалдар жариялау фактісін анықтады. Бұл бейнежазбалар тек Қазақстанға ғана емес, басқа да мемлекеттерге тараған.

"Hi-tech" жедел алдын алу іс-шаралары барысында жедел уәкілдер бейнежазбаның авторын анықтады. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты. Ол бір топ адаммен бірге өзінің қатысуымен бейнежазбалар түсіріп, әлеуметтік желі арқылы сатып отырған.

Оқи отырыңыз: Аягөзде WhatsApp-пен видео жіберген тұрғынның басы бәлеге қалды 

Әлеуметтік желіде бейнежазбалардың бағалары да жарияланған. Мәселен, бес минуттық интимдік бейнежазба 7 мың теңге немесе 1200 рублге бағаланса,  алдын ала тапсырыс бойынша бейнежазба 17 мың немесе 3 мың рублге бағаланған. Ал басты рөлдегі әртіспен интимдік кездесу құны 300 АҚШ долларына белгіленген.

"27 қазан күні Қарағанды облысының полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның заңға қайшы әрекеттеріне байланысты айғақ заттар тәркіленді. Аталған факт бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 311-бабына (Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деді криминалдық полиция басқармасының бастығы Ислам Мусин.  

Полиция қызметкерлері оның серіктестерін анықтау және іздеу бойынша кешенді іс-шараларды бастады.

Жаңалықтар
0