Өңірлер

Батыс Қазақстанда әкім ұлына ұлан-асыр той жасаған – видео

© Photo : СС0 / SplitShireТорт
Торт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Салтанатты шарада түсірілген видео әлеуметтік желілер арқылы тарап кетті. Аудан әкімдігі осы мәселе жөнінде түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында Ақжайық ауданына қарасты Ақжол ауылдық округінің әкімі Татжан Өтемісов карантиндік шектеулерге қарамастан ұлының үйлену тойын жасап берген, деп хабарлайды "Мой город" сайты.

Той Орал қаласындағы мейрамханалардың бірінде өткен. Сол жерде түсірілген видео Instagram-да жарияланды. Артынан оны алып тастаған. Алайда адамдар әлеуметтік желідегі видеоны ұялы телефонға жазып алып, бұқаралық ақпарат құралдарына жіберді.

Басылымның мәліметінше, ауылдық округ әкімінің өзімен сөйлесуге мүмкіндік болмаған. Алайда аудан әкімдігі осы мәселеге қатысты түсініктеме берді. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Ердос Үмітовтың айтуынша, ауыл әкімі еңбек демалысында жүр.

Оқи отырыңыз: Тойға полицей болып кіріп келген асаба жауапқа тартылады – видео 

"Бұл ыңғайсыз жағдай болды. Татжан Өтемісов еңбек демалысына шыққан. Жалпы, ауданның барлық әкімі карантин шараларын сақтау қажеттігін біледі. Арнайы бақылау топтары да бар. Олар шектеу шараларын сақтау жағын қадағалайды. Әкім демалыстан оралғаннан кейін мәселені заң аясында қараймыз", - дейді Үмітов.

Оның сөзіне қарағанда, 30 қазанда Ақжол ауылдық округінде әкім сайланады. Қазіргі әкім Татжан Өтемісов өз кандидатурасын ұсынбаған.

Жаңалықтар
0