Өңірлер

800 адам алданған: Түркістан облысында 1 млрд теңге жинаған қаржылық ұйым анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер адамдардан ақшаны алдап жинаған қаржылық пирамиданы ұйымдастырушылардың барлығын тауып, ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. Түркістан аймағында тағы бір қаржылық пирамида анықталды. Бұл жолы 800 адам алаяқтардың құрбанына айналып отыр, деп мәлімдеді криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков.

"Түркістан облысының полиция департаменті бұл компанияға (Evolution Corporation – Sputnik) қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және басқару) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазіргі кезде осы істің негізін қалаған адамдар мен ұйымдастырушылар түгел анықталып, ұсталды", – деді БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Омарбеков.

Кінәлілердің айыбы дәлелденсе, олар үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып, белгілі бір лауазымдарды атқаруына тыйым салынады және мүлкі тәркіленеді.

Омарбековтың айтуынша, қаржы пирамидасын ұйымдастырған алаяқтардың әрекетінен 800 қазақстандық зардап шегіп, жалпы шығын мөлшері шамамен 1 миллиард теңгені құраған.

Оқи отырыңыз: "14 мың сал да, 114 мың ал": сарапшы жаңа қаржы пирамидасы туралы шындықты айтты

Айта кетейік, Түркістан аймағындағы қаржылық пирамида пайда болғаны туралы ақпарат тамыз айында анықталды. Сол кезде жергілікті БАҚ-та 74 адамның полицияға жүгініп, аталған ұйымға ақша салғаны хабарланған.

Жаңалықтар
0