Өңірлер

Мәйітті далада өртеп жіберген - Түркістан облысында болған қылмыстың мән-жайы

© Photo : Предоставлено Sputnik Кыргызстан очевидцамиМестность, где застряли Кыргызстанцы
Местность, где застряли Кыргызстанцы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған төрт жас жігіт – бұрын бірнеше рет сотталған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Түркістан облысында көлік жүргізушісін тұншықтырып өлтіріп, денесін өртеп жіберген қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

Ордабасы аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын ағасының "Мазда-626" автокөлігімен жұмыстан шығып, әлі күнге дейін үйге қайтып келмегенін айтып арызданған. Із-түзсіз жоғалған адамды іздеу барысында оның автокөлігі Шымкент қаласының шетінен табылды.

Кейіннен полицейлер жүргізушінің өртенген мәйітін Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының маңынан тапты. Содан кейін криминалдық полиция мен тергеудің тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылып, бір аптадан кейін осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысынан келе жатқан "ВАЗ" автокөлігін ұстады.

Ұсталған төрт жас жігіт – бұрын бірнеше рет сотталған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары.

"Тергеу барысында күдіктілердің екеуі Шымкент көшелерінің бірінде жәбірленушінің көлігін тоқтатып, белгілі бір мекенжайға апарып тастауды сұрағаны анықталды. Діттеген мекенжайға келгеннен кейін қаскүнемдер жүргізушіге пайдакүнемдік мақсатта шабуыл жасап, тұншықтырып өлтіріп, оның ұялы телефонын алған. Ал мәйітті далаға шығарып өртеген", - делінген полиция таратқан ақпаратта.

Олар бұл қылмыспен тоқтамай, тағы екі серіктесімен бірге Ордабасы ауданындағы тас жолда "ВАЗ" автокөлігінің жүргізушісіне шабуыл жасап, 45 мың теңгелік барсетканы күшпен тартып алған.

Қазір аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") және 191-бабы ("тонау")  бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

Жаңалықтар
0