16:55 29 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD430.51
  • EUR505.72
  • RUB5.51
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
274 0 0

Құқық қорғаушылар екі шенеунікті ұстау және олардың үйіне тінту жасаған сәттің видеосын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі екі облыста пара алғаны үшін ұсталған шенеуніктердің видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ресми мәліметке сәйкес, Ақмола облысында аудан әкімінің орынбасары мен "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы тергеуге алынды. Шенеуніктер екі жер телімін пайдалану құқығын беру туралы оң шешім шығарғаны үшін кәсіпкерден 800 мың теңге сомасында пара алғаны үшін айыпталып отыр. 

Құқық қорғаушылар екі шенеунікті ұстау және олардың үйіне тінту жасау видеосын жариялады. Біреудің үйінде заңсыз ақша шкафтың арғы жағынан шықса, екіншісі баласының портфеліне және әйелі киетін күртесінің қалтасына тыққан. 

"15 қазанда күдіктілер ұсталып, Көкшетау қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешіліп жатыр. Тергеу жалғасуда", - дейді тергеуші мамандар. 

Ал Қарағанды облыстық әкімдікте басқарма басшысының орынбасары мен бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Олар спорттық-сауықтыру кешенін пайдалануға қабылдау актісін келіскені үшін авторлық қадағалауды іске асыратын кәсіпорын директорынан 1 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Шенеуніктердің үйіне тінту жасау кезінде қаптың ішінен ақша шықты.

Тақырып бойынша

Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Алматыда мәйітхана директорын ұстаған сәттің видеосы жарияланды
Түркістан облысында пара беріп баспаналы болғандар үйді босатуға мәжбүр
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Талдықорғанда әскери госпиталь экс-басшысының қылмысы ашылды – видео
Загрузка...

Басты тақырып