17:37 29 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD430.51
  • EUR505.72
  • RUB5.51
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
99 0 0

Әскери госпитальдің бұрынғы бастығы 13 қазанда қамауға алынды. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 16 қазан – Sputnik. Талдықорған қаласында әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен осы мекемеде істеген бас медбике тергеуге алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Агенттік мамандары ұстау операциясының видеосын да жариялады. Онда бас медикенің күндіз саябақта ұсталғанын көруге болады. Оның сөмкесінен ірі сомада ақша шықты. Ал госпитальдің бұрынғы бастығы түнгі уақытта жанармай бекетінің жанында құрықталды. Оның көлігінен де ақша табылды.  

"Талдықорған қаласында әскери госпитальдің бұрынғы бастығы мен аталған госпитальдің бұрынғы бас медбикесіне қатысты ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша тергеу басталды. Олар жұмысқа орналастырғаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін, Сovid-19-ға қарсы күрестегі қызметі үшін госпиталь қызметкеріне түскен үстемеақының 50 процентін құрайтын 1 миллион теңгені алғаны үшін айыпталып отыр", - дейді Биғайдаров онлайн брифингте. 

Оның айтуынша, 13 қазанда әскери госпитальдің бұрынғы бастығы қамауға алынды. Тергеу шаралары жалғасуда.

 

Тақырып бойынша

Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокурорларды қылмыс үстінде ұстады
Парамен ұсталған шенеунік өзенге секіріп кетті - видео
Шенеунік тергеушілердің көзінше дәлелдерді жеп қойды – видео
Алматыда мәйітхана директорын ұстаған сәттің видеосы жарияланды
Кілт сөздер:
видео, сыбайлас жемқорлық, Талдықорған
Загрузка...

Басты тақырып