08:10 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Өңірлер
Қысқа сілтеме алу
725 0 0

Мемлекет басшысы "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешені мен Жидебай ауылындағы ақынның мұражай-үйін аралайды

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семейге жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында президент "Ұлы ақын Абай ұлдарымен" ескерткішінің ашылу салтанатына қатысып, Абайдың "Жиделі-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайын аралап көреді", – деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев "Қарағайлы" шағынауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысады. Бұдан бөлек ақынның сирек кітаптар қорының көрмесін тамашалап, "Абай әлемі" сериясымен шыққан кітаптарды көріп, абайтанушы ғалымдармен кездесуі жоспарланған.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапар соңында Жидебайға барып, "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешені мен ақынның мұражай-үйінің тыныс-тіршілігімен танысады.

Оқи отырыңыз: "Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады

Айта кетейік, биыл Қазақстанда жазба әдебиеттің негізін қалаушы, ақын және ағартушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтуде.

Мерейтойлық іс-шаралар аясында жоспарланған ауқымды іс-шаралар коронавирустық пандемияға байланысты тоқтатылды.

Тақырып бойынша

Түркияда Абай Құнанбаевтың құрметіне саябақ ашылды
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Тоқаев: Жээнбеков – Қырғызстанның легитимді президенті
Тоқаев Шпекбаевты қабылдады
Кілт сөздер:
Абай, Семей, Қасым-Жомарт Тоқаев
Загрузка...

Басты тақырып