Өңірлер

Сарбаздар қырағылық танытты: Жаңаөзенде үш жасар бала ата-анасымен қауышты

© Photo : Национальная Гвардия Республики КазахстанНацгвардейцы подобрали трехлетнего мальчика в Жанаозене
Нацгвардейцы подобрали трехлетнего мальчика в Жанаозене - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қараңғы түскен шақта қызметтік міндетін атқарып жүрген жауынгерлер жол жиегінде жылап отырған үш жасар баланы байқаған

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Ұлттық ұлан жауынгерлері Жаңаөзен қаласында адасып қалған үш жасар баланы тауып, ата-анасымен қауыштырды, деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.

Оқиға 8 қазан күні сағат 21:00 шамасында болған. Қатардағы жауынгер Мадияр Мыңбосынов бастаған Айбек Шалдынбек пен Мұхтар Сәрсенбаев сынды сарбаздардан құралған әскери жасақ 6-шағынауданды патрульдеу кезінде жол жиегінде жалғыз өзі жылап отырған кішкентай баланы байқайды. Онымен сөйлесе келе, адасып қалғаны белгілі болады.

"Сәбиді тыныштандырған жауынгерлер бұл туралы патрульдік топтың бастығы, лейтенант Әділ Қасенғалиға дереу хабар береді. Шұғыл іздестіру жұмыстарының нәртижесінде, бала ата-анасының қолына 20 минут ішінде тапсырылды", – делінген хабарламада.

Баланың анасы 5548 әскери бөлімінің командиріне арнайы хат жолдап, жеке құрам жұмысына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, перзентінің адасып қалғанын дер кезінде байқап, аман-есен табылуына себепкер болғаны үшін Ұлттық ұлан сарбаздарына ерекше алғысын айтқан.

Оқи отырыңыз: Анасы жасырып келген: Ақтау тұрғыны егіз сыңарымен 54 жылдан кейін жылап қауышты

Ал қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі тапсырмаларды орындаудағы қырағылығы үшін жауынгерлер әскери бөлім басшылығы тарапынан көтермеленді.

Жаңалықтар
0